Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.2 629.64 6.34

ҮЕҰ үшін сыйлықақыға өтінім қабылдау жалғасуда

22-07-2025, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан жыл сайынғы үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау конкурсына өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр.

Айта кетсек, өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

Конкурстың мақсаты – ұйымдардың әлеуетін нығайту және қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға ынталандыру мақсатында институционалдық қолдау көрсету.

Сыйлықақы әлеуметтік маңызы бар 16 сала бойынша беріледі. Бір салаға арналған сыйлықақы мөлшері – 2000 АЕК.

Соңғы 8 жылда 486 ҮЕҰ қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге қосқан үлесін көрсетіп, сыйлықақыға ие болды. Солардың ішінде жыл сайын шамамен 10 ауылдық ҮЕҰ аудандар мен ауылдарды дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды.

Егер сіздің ҮЕҰ қоғам өміріне белсенді араласып, өз саласында көшбасшы ретінде танылып, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге үлес қосып, жаңашыл идеяларды іске асырса байқауға қатысуға шақырамыз.

Конкурсқа қатысу шарттары туралы толығырақ келесі сілтеме бойынша білуге болады https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/863651?lang=kk

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 74-09-97, 74-07-41, 74-02-17.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив