Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.2 629.64 6.34

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау жалғасуда

23-07-2025, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр.

Ұлттық әдеби сыйлық отандық қаламгерлерді мемлекеттік қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында өткізіледі.

Биыл төртінші рет ұйымдастырылатын Ұлттық сыйлыққа «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік әдеби сын», «Үздік комикс» номинациялары бойынша бұрын жарияланбаған туындылар қабылданады.

Байқауға отандық жазушылар қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден беріледі.

Өтінім 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін www.aiboz.kz сайты арқылы жолдануы тиіс. Ұлттық әдеби сыйлық жыл соңында табысталады.

Толық ақпаратты www.aiboz.kz сайтынан және +7 775 897 77 88 нөмірі арқылы біле аласыздар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив