Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Тұрақтылық пен өсу: «ҚазТрансОйл» Энергетика министрлігіне жартыжылдық есеп берді

24-07-2025, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Ұлттық оператор мұнайды ішкі нарық пен экспортқа сенімді тасымалдайды.

Астана, 2025 жылғы 23 шілде – ҚР Энергетика министрлігі стратегиялық маңызды компаниялардың қызметін тұрақты бақылауда ұстайды. Осыған орай министр Ерлан Ақкенженов «ҚазТрансОйл» АҚ басшылығымен жұмыс кеңесін өткізіп, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс нәтижесін талқылап, алдағы міндеттерді айқындады.

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Арман Қасенов компанияның негізгі өндірістік көрсеткіштерінің тұрақты және оң динамикада екенін жеткізді. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында тасымалданған және ауыстырып тиілген мұнай көлемі 23,1 млн тоннаны, ал жиынтық жүк айналымы 22,5 млрд тонна-шақырымды құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% өсімді көрсетеді.

Ішкі нарықты қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарына 9 миллион тонна мұнай жеткізілген.

«ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік міндеттемелерді тұрақты орындап, отандық МӨЗ-дерге мұнай жеткізуді және экспорт пен транзитті сенімді жүзеге асырды. Екінші жартыжылдықта инфрақұрылымның тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ауқымды жобаларды қолға аламыз», – деді бас директор Арман Қасенов.

Басқосуда экспортқа мұнай тасымалы «Атырау-Самара», «Атасу-Алашанькоу» құбырлары, Ақтау порты және КҚК жүйесі арқылы кестеге сай жүзеге асқандығы айтылды. Ресей мұнайының Қытайға транзиті де жоспарға сәйкес жүргізілген.

Кеңес барысында Энергетика министрі «ҚазТрансОйл»-дың үздіксіз жұмысы энергетикалық қауіпсіздік пен экспорттық міндеттемелерді орындаудың негізі екенін атап өтті. Компания басшылығына инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған инвестициялық жобаларды уақытылы жүзеге асыруды тапсырылды.

Энергетика министрлігі ел экономикасы мен азаматтардың мүддесі үшін ұлттық оператордың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында оның қызметін қатаң бақылауда ұстауды жалғастырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив