Cемей32°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

ТЖМ құтқарушылары еліміздің өңірлерінде бірқатар өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізді

Кеше, 13:55 018.kz

Төтенше жағдайлар кезінде өрт қауіпсіздігін және іс-қимылға дайындықты қамтамасыз ету бойынша кешенді профилактикалық жұмыс шеңберінде ТЖМ құтқару бөлімшелері Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізді.

Шығыс Қазақстан облысының акваториясында су көлігіндегі өрттерді сөндіру бойынша бірегей оқу-жаттығулар өтті. Аңыз бойынша кемеде қысқа тұйықталу болды, нәтижесінде жағалау аймағы мен саяжай алқабына қауіп төндіретін өрт орын алды. Құтқарушылар бұл жерге моторлы қайықтармен, соның ішінде Апаттар медицинасы орталығының күштері де келді. Суда қалған екі экипаж мүшесі құтқарылды. Шартты өртті сөндіру үшін лафет оқпандарымен жабдықталған «Мұзжарғыш-2» өрт сөндіру кемесі жұмылдырылды. Жағадағы құрғақ өсімдіктерді сөндіру үшін өрт сөндіру бөлімдері де тартылды.

«Кемелердегі өрттер күрделі болады. Жабық кеңістік, отынның болуы, өрттің тез таралуы максималды шоғырлану мен кәсібилікті қажет етеді. Оқу-жаттығу барысында нақты жағдайларға барынша жақын дағдылар пысықталды», — деп ШҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бастығы Болат Нұрдыбаев атап өтті.

Жамбыл облысы ТЖД құтқарушылары Тараз қаласындағы тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізді. Аңыз бойынша 6-қабаттағы пәтерлердің бірінде шартты өрт болды. Шұғыл ден қою күштері — өрт сөндірушілер, дәрігерлер, коммуналдық қызметтер-эвакуациялау, өртті сөндіру және шартты түрде зардап шеккендерді құтқару іс-қимылдарын ойдағыдай пысықтады. Іс-шараның басты мақсаты – жеке құрамның биік ғимараттардағы өрт жағдайындағы іс-қимылдарға дайындығын тексеру. Қызметтер арасындағы өзара іс-қимылға, өрт-техникалық жабдықтарды пайдалануға және халықты тығыз салынған қалалық құрылыс жағдайында өртке қарсы қауіпсіздік шаралары туралы хабардар етуге ерекше назар аударылды.

Қызылорда қаласы «Қорқыт Ата» әуежайының ғимаратында Қызылорда облысы ТЖД құтқарушылары адамдар көп жиналатын объектіде шартты өртті жою бойынша іс-қимылдарды пысықтады. Оқу-жаттығудың мақсаты – адам өлімі мен жарақаттанудың алдын алу, сондай-ақ қауіпсіз эвакуациялау алгоритмін және шұғыл қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды пысықтау. Әуежай қызметкерлері өрт болған жағдайда іс-қимылдар 112 және 101 нөмірлеріне шұғыл қызметтерді шақыру тәртібі, өзін-өзі құтқару тәсілдері бойынша оқудан өтті, сондай-ақ осындай объектілерде өртті сөндірудің алдын алу шараларымен және ерекшеліктерімен танысты.

Мұндай іс-шараларды өткізу жеке құрамның жауынгерлік әзірлігін арттыруға, қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіруге және халықты төтенше жағдайлардағы іс-қимылдар туралы хабардар етуге ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив