Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

9,5 млн-нан астам қазақстандық еңбек саласындағы цифрлық қызметтерге қол жеткізе алады

Кеше, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еңбек нарығын дамыту және цифрландыру мәселелері қаралды.

Есепті жылы азаматтар мен ұйымдар 27 мемлекеттік қызметке қол жеткізді, оның 23-і электронды форматта, оның ішінде 11-і проактивті форматта көрсетілді. Барлығы 4 миллионнан астам қызмет көрсетілді, оның 66%-ы онлайн режимде. Қызметтердің көпшілігі онлайн форматқа көшірілді, бұл процесті жеңілдетіп, қызметтерді алуды жылдам әрі қолжетімді етті. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин баяндады.

Оның айтуынша, цифрлық трансформация процесінде азаматтың еңбек қызметінің толық өмірлік цикліне ерекше көңіл бөлінеді. Жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысуға жолдама беруден бастап, жұмысынан айырылу, жүкті болу, босану және бала асырап алу кезінде көмек көрсету, зейнетақы төлемдерін тіркеуге дейінгі барлық негізгі кезеңдер қарастырылған. Мысал ретінде жұмыс іздегендерді тіркеу кейсін айтуға болады. Бұрын жұмыс іздеу және орналасу азаматтардың өз бетінше әрекет етуімен жүзеге асатын. Бос жұмыс орындарын іздеу «қолмен» жүргізілді, бұл айтарлықтай уақыт пен еңбек шығындарын талап етті. Ал енді мәліметтерді енгізу нәтижесінде мемлекеттік деректердің интеграциясына және жұмыссыздық мәртебесін автоматты түрде анықтауға қол жетіп отыр. Жүйе «қолмен» іздеу қажеттілігін жоя отырып, азаматтарға қолайлы бос орындарын проактивті түрде ұсынады.

«Одан өзге де мысалдар көп, мәселен, жұмыспен қамту кейсі. Бұрын жұмысқа орналасу процесінде әңгімелесу үшін жұмыс берушіге міндетті түрде аяқтай бару, қағаз құжаттардың толық пакетін ұсыну және қағаз түрінде еңбек шартына қол қою талап етілетін. Бүгінгі таңда мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланудың арқасында қажетті құжаттардың 90%-дан астамы автоматты түрде электронды түрде қалыптастырылады. Еңбек шартына электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы қашықтан қол қоюға болады. Сол сияқты асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау кейсіне де тоқтала кеткім келеді. Бұрын жәрдемақы тағайындау процесі отбасы үшін айтарлықтай қиын болатын. Жақын адамынан айырылып, күйзеліс үстінде жүрген отбасы мүшелері қажетті құжаттарды жинау үшін ұзақ уақыт жүруге мәжбүр еді. Енді жаңа тәсілдің енгізілуімен қызметті ұсыну проактивті модельде жүзеге асырылады. Нәтижесінде қызмет көрсету мерзімі 7 күннен 1 күнге дейін қысқарды. Тағы бір кейс - зейнетақы тағайындау. Бұрын зейнетақы тағайындау процесі күрделі болатын және азаматтардың жеке қатысуын талап ететін. Төлемдерді алу үшін өтініш беру, құжаттарды жинау және жұмыс тәжірибесін растау қажет еді. Қағаз деректерін өңдеу кідірістерді, кезектерді тудырды. Енді бүгінде пилоттық режимде принципті жаңа тәсіл енгізілді. Скоринг негізіндегі жүйе адамның жасы бойынша зейнетақы ісін автоматты түрде қалыптастырады, еңбек өтілі туралы мәліметтерді тексереді және азамат тарапынан өтініш жасамай-ақ төлемдерді проактивті түрде тағайындайды. Мұндай трансформация қызмет көрсету мерзімін 10 күннен 1 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді», — дейді ол.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрінің айтуынша, Astana Hub экожүйесінде еңбек нарығын цифрландыратын стартаптар мен компаниялар орналасқан. Қатысушылар жаппай жұмысқа қабылдауды автоматтандыру, жұмыс уақытын биометриялық бақылау, бос орындар мен өзін өзі жұмыспен қамтығандар үшін тапсырыстар іздеу қызметтері бойынша шешімдерді жасайды. 2024 жылдың соңына қарай олар 8 миллиард теңгеден астам табыс тауып, 460-тан астам жұмыс орнын ашқан.

Заманауи технологиялар ауысымы жоғары салалардағы персоналды басқаруға деген көзқарасты түбегейлі өзгертуде. Соның айқын мысалдарының бірі – HR MESSENGER платформасы, ол смарт чат-боттар арқылы қызметкерлерді жалдау, бейімдеу және ұстауды автоматтандырады. Платформаны қазірдің өзінде бөлшек сауда мен банктерден бастап өндіріс пен фастфудқа дейін 2000-нан астам компаниялар мен 13 саладағы 1000-нан астам рекрутер пайдаланады. Нәтижелер өте жоғары: жұмысқа қабылдау тиімділігі 100%-ға артқан, жұмысқа қабылдау шығындары 2 есеге азайған.

Тағы бір мысал, көлік-логистика саласы үшін арнайы әзірленген Call2Action жобасы. Мұнда жыл сайынғы жүргізуші айналымы 300%-ға жетеді. Бұл жалдау процесін оңтайландыратын ЖИ платформасы. Call2Action жүздеген сұхбаттарды қатар жүргізуге мүмкіндік береді, жұмысқа қабылдау уақытын 90%-ға дейін, ал шығындарды 50%-ға дейін қысқартады.

«Сіздердің назарларыңызға еңбек нарығын дамыту мен цифрландыру үшін маңызы бар заманауи әлемдік трендтерге шолу жасауға рұқсат етіңіздер. Мысалы, Gloat платформасы ұйым ішінде динамикалық дағдылар картасы деп аталатын нәрсені жасай отырып, қызметкер профильдері мен бизнес қажеттіліктерін талдау үшін жасанды интеллект пен машиналық оқытуды пайдаланады. Оңтүстік Корея жұмыс іздеу уақытын 30%-ға қысқартқан және жұмысқа қабылдау сапасын 80%-ға арттыратын интеллектуалды цифрлық жұмысқа орналастыру платформаларын енгізді. АҚШ-тағы, Ұлыбританиядағы ірі жұмыс берушілер және дүние жүзіндегі жаһандық бөлшек саудагерлер кандидаттармен бастапқы байланыс жүргізетін, сұрақтар қоятын, сұхбат кестесін құрайтын және бос жұмыс орындарын ұсынатын «Olivia» ЖИ чат-ботын пайдаланады. Айта кетейік, цифрлық жұмысты ұйымдастыратын, байланыс және автоматтандыру құралдарын пайдаланатын цифрлық жұмыс орны нарығы 2034 жылға қарай 166 миллиард долларға жетеді деп болжануда», — деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин. 

Осындай ұсынымдар бере отырып, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне еңбек нарығын дамыту және цифрландыру бойынша келесі шараларды қарастыруды ұсынып отыр. Олар: 

1. Азаматтарға сұранысқа ие бос жұмыс орындары мен компаниялар туралы жеке ұсыныстар беретін ЖИ жұмысқа орналастыру агентін жасау. 

2. Азаматтың нақты құзыреті мен әлеуетін ескере отырып, оның цифрлық профилін қалыптастыру үшін «Цифрлық отбасы картасы» жүйесін жаңа деректермен байыту. 

3. ЖИ-дің еңбек нарығына әсерін талдау және өзгеру қаупі бар мамандықтарды анықтау. 

Бұл талдау жаңа технологияларды енгізу мәселелеріне жедел жауап беруге және жұмыс күшінің бәсекеге қабілеттілігін сақтауға көмектеседі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив