Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
458.85 503.5 5.59

Роман Скляр Svevind Group компаниясының бас директорымен инвестжобаның жүзеге асырылу барысын талқылады

23-04-2026, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Svevind Group компаниясының бас директоры Вольфганг Кропппен кездесу өткізді. Компания Маңғыстау облысында «жасыл» сутек өндіру бойынша HYRASIA ONE ірі инвестициялық жобасын іске асырып жатыр.

Кездесу барысында HYRASIA ONE жобасын іске асырудың ағымдағы жай-күйі қарастырылды, сондай-ақ баламалы энергия көздерін дамыту жоспарлары талқыланды.

Роман Скляр өнеркәсіп, көлік және энергетиканы карбонсыздандыруға мүмкіндік беретін бұл жобаны табысты іске асыру үшін Үкімет жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыратынын растады.  

Талқылау барысында Роман Скляр Үкіметтің энергетика саласын, соның ішінде «жасыл» энергетика саласын дамыту жөніндегі жұмысын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Svevind Group компаниясымен бастамаларды зерделеу жөнінде мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив