Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

ҚТЖ Әзербайжан темір жолымен байланысты нығайтады

10-04-2023, 11:23 Думан Кенжеғазыұлы

2022 жылы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы темір жол көлігімен тасымалдаудың жалпы көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 4 есеге өсіп, 3 млн тоннадан асты. Астық, тау-кен металлургия өнімдерін тасымалдаудың өсуі байқалды. Ең жоғары өсім-Қазақстаннан, оның ішінде Әзірбайжан арқылы экспорт 7 есені көрсетіп,  2,7 млн тоннаны құрады.

2023 жылдың 1 тоқсанында елдер арасындағы тасымалдар да оң серпінді көрсетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40% астамға ұлғайды.

ТХКБ қатысушылары арасындағы операцияларды синхрондау мақсатында Әзербайжан тарапымен бірлесіп қозғалысты жоспарлау және үйлестіру үшін виртуалды диспетчерлік орталық құрылды, бұл жүктердің қозғалысы туралы еларалық ақпарат алмасуды жақсартуға мүмкіндік береді.

Жалпы, Тараптар ТХКБ дәлізін ынталандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. "ҚТЖ" ҰК" АҚ үшін Транскаспий халықаралық көлік бағдарының әлеуетін ашу дамудың басты векторларының бірі болып табылады. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив