Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
539.38 629.46 6.76

Атом энергетикасы саласына кадр дайындау мәселесі жетекші ЖОО-мен бірлесе қарастырылуда

Бүгін, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Атом энергетикасы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің деканы, профессор Иозеф Кёнингс және АҚШ-тың Дьюк университетінің профессоры Дэвид Робинсонмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның атом саласы үшін кадрлар даярлау бағытындағы ынтымақтастық перспективаларын, соның ішінде бірлескен білім беру бағдарламаларын құру, академиялық алмасу және шетелдік серіктестердің қатысуымен ғылыми-зерттеу саласындағы өзара іс-қимылды талқылады.

Әсіресе, елімізде атом электр станциясын салу жөніндегі стратегиялық жоспарларды іске асыру жағдайында ұлттық кадрлық әлеуетті қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

«Адам капиталын дамыту – Қазақстанда ядролық технологияларды тұрақты әрі қауіпсіз енгізудің ажырамас бөлігі. Жетекші академиялық институттармен ынтымақтастық болашақ атом электр станцияларын тиімді әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ете алатын жаңа буын мамандарын қалыптастыруға ықпал етеді деп сенемін», – деді А. Сәтқалиев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив