Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай28°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
488.37 559.77 6.64

ҰЭМ басшысы БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілімен кездесу өткізді

10-04-2023, 16:00 Думан Кенжеғазыұлы

Кездесу барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Катаржина Вавьернианы Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

Вавьерниа ханым БҰҰДБ-ның 2021-2025 жылдарға арналған Елдік бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, ол БҰҰ Даму бағдарламасы мен ҚР Үкіметінің бірлескен тәжірибесінің нәтижелері мен жетістіктерін халықаралық деңгейде ілгерілетуге дайын екенін айтты.

Сондай-ақ, жиынға қатысушылар бірлескен жобалардың іске асыру барысын және әртүрлі зерттеулер кезінде пайдаланылатын деректерді жинақтау үшін халықаралық ұйымдардың Қазақстанға ұсынатын техникалық көмектің бірыңғай базасын құру бастамасын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қызығушылық білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив