Қазақстанда қорғаншылық органдарының нормативі заң жүзінде бекітілді – министр балалардың құқықтарын қорғау шараларын күшейту туралы айтты

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда.
Үкімет отырысында министр биыл елімізде қорғаншылық органдарының нормативі бекітілгенін атап өтті: 5 мың балаға – бір маман. Осы уақыт аралығында штат саны 303-тен 896 маманға дейін, яғни үш есеге жуық өсті.
Қыркүйек айынан бастап білім беру ұйымдарында 2024 жылы пилоттық режимде сынақтан өткен және өз тиімділігін көрсеткен Kiva, ДосболLIKE антибуллингтік бағдарламалары енгізіледі.
«Қазір тиісті ведомстволармен бірлесіп, «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы әзірленуде. Ол жеті негізгі бағытты қамтып, баланың құқықтарын кешенді қорғау бойынша базалық құжат болады», – деді министр.
Сондай-ақ, 100-ден астам адамы бар барлық білім беру ұйымдары толықтай қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталуы тиіс. Министр жергілікті әкімдіктерді қажетті жабдықтарды орнату мен олардың үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етуге шақырды.