Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
542.29 629.54 6.77

Starlink Қазақстанда ресми түрде іске қосылды

Бүгін, 09:45 018.kz

2025 жылғы 13 тамыздан бастап Starlink компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында спутниктік интернет қызметтерін ресми түрде ұсына бастады. Бұл еліміздің тұрғындарына SpaceX компаниясына тиесілі төмен орбиталы Starlink спутниктері желісі арқылы жоғары жылдамдықты және сенімді интернетке қосылуға мүмкіндік береді.

2025 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы қызмет көрсету барысында Қазақстан заңнамасын толық сақтау жөнінде келісімге қол қойды. Бұл келісім ақпараттық қауіпсіздік пен байланыс саласындағы барлық талаптарды орындауды қамтиды.

Starlink технологиясы шалғай және қолжетімділігі қиын аймақтарда да тұрақты интернет қосылуын қамтамасыз етіп, халыққа заманауи цифрлық сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Тарифтер, қосылу шарттары және қосымша ақпарат SpaceX компаниясының ресми сайтында жарияланды: https://www.starlink.com/

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив