Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
542.29 629.54 6.77

Казақстан Авазaдағы БҰҰ конференциясында елдің цифрлық даму болашағын таныстырды

Бүгін, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан делегациясы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиевтің жетекшілігімен Аваза курорттық аймағында «Серіктестік арқылы прогреске қол жеткізу» ұранымен өтіп жатқан БҰҰ-ның теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдерге (LLDC) арналған үшінші конференциясына қатысты.

Жиынды БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш пен Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов ресми түрде ашты. Конференцияға 32 теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдердің (LLDC) өкілдері, халықаралық ұйымдар, мемлекет басшылары және цифрлық даму, экономика, көлік және инфрақұрылым министрлері қатысты. Іс-шара аясында пленарлық отырыстар, жоғары деңгейлі сессиялар, жастар, парламент және азаматтық форумдар өтті.

Көрме бағдарламасы аясында Қазақстан ұлттық мәдени код пен цифрлық технологияларды біріктіретін символ – Digital-киіз үй түріндегі NOMADS: Traditional and Digital концептуалдық экспозициясын таныстырды. Экспозицияны Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, БҰҰ Бас хатшысы және қатысушы елдердің делегация басшылары тамашалады.

Министр Жаслан Мадиев цифрлық тәуелсіздік, халықаралық техносеріктестік пен ЖИ-ді этикалық тұрғыда енгізудің маңызды қадамдарына тоқталып, еліміздің негізгі цифрлық бастамаларымен таныстырып өтті. 

«Қазақстан - дәстүрге деген құрмет пен технологиялық прогресс үйлесім табатын мемлекет. Біз БҰҰ аясында цифрлық жетістіктерімізбен бөлісуге дайынбыз», - деді министр.

Конференция аясында цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және GovTech саласындағы ауқымды өзгерістерді көрсететін стратегиялық бастамалар таныстырылды. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен құрылған Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығы да болды. Бұл орталық 2025 жылы стартаптар, зерттеушілер мен ІТ мамандар үшін өңірлік хабқа айналып, ынтымақтастық пен инновацияларға арналған платформа болмақ.

Сонымен қатар, жиын барысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев Орталық Еуразиядағы алғашқы әрі ең ірі суперкомпьютерлік кластердің іске қосылғанын мәлімдеді. Кластер Tier 3 деңгейіндегі деректер өңдеу орталығы базасында орналастырылған. Бұл кластер цифрлық егемендікті нығайтып, IT-инфрақұрылымды дамыту аясында стартаптар, ғылыми-зерттеу институттары, оқу орындары мен мемлекеттік органдарға жоғары өнімді есептеу мүмкіндігін ұсынады.

Тағы бір маңызды жетістіктердің бірі - ұлттық жасанды интеллект платформасы, ол 100-ден астам AI-агентті қамтып, Egov және e-Otinish сияқты электрондық үкімет жүйелеріндегі негізгі процестерді автоматтандырады. Ашық бастапқы кодты (open-source) шешімдерді қолданудың арқасында бұл платформа мемлекеттік аппараттың жүктемесін азайтып, халық үшін қызметтердің қолжетімділігін арттырды.

Экспозицияда БҰҰ Даму бағдарламасымен (ПРООН) бірлесіп жүзеге асырылған «Отбасының цифрлық картасы» (ОЦК) жобасына баса мән берілді. Бұл жоба Smart Data Ukimet жүйесіне негізделген скорингтік модель болып табылады және ол нақты уақыт режимінде 120-дан астам дереккөзден ақпарат жинайды. Бүгінде 6 миллионнан астам отбасы 100-ден астам көрсеткіш негізінде 5 балдық шкала бойынша бағаланып үлгерген.

Бұл модель азаматтардың өтінішінсіз көрсетілетін проактивті қызметтерге көшуге мүмкіндік берді — қазіргі таңда 4,5 миллионнан астам осындай қызмет көрсетілді. Жүйеге енгізілген ЖИ әлеуметтік жағдай динамикасын талдап, әкімдерге нақты ұсыныстар береді және өңірлік тәжірибе негізінде жетілдіріліп, әлеуметтік қолдаудың дәлдігі мен тиімділігін арттырады.

Халықаралық аренада Қазақстан GovTech бағытында әріптестікті белсенді дамытып, Тәжікстан, Того және басқа да елдерге цифрлық шешімдерді экспорттауда. Сонымен қатар, ашық бастапқы кодты (open-source) шешімдермен алмасуға және цифрлық қоғамдық игіліктерді (public goods) таратуға арналған инфрақұрылым қалыптасып келеді.

Қазақстан өңірлік цифрлық хаб ретінде өз позициясын нығайтып келеді. Ол бұл мақсатқа қол жеткізу үшін, ынтымақтастық, білім алмасу және технологиялық альянс құру бағытын таңдайды. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив