Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

«Қайрат» футбол клубы алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты

14-08-2025, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Алматының «Қайрат» футбол клубы өз тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Үшінші іріктеу кезеңінің жауап матчында Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын команда словакиялық «Слованды» жеңіп, тарихи жетістікке жетті.

Братиславадағы кездесу Жоржиньоның қауіпті сәтінен басталды: оның айқын соққысы қақпа бағанына тиді. 30-минутта алаң иелері «Қайраттың» қорғаныстағы қателігін пайдаланып, Роберт Мак есепті ашты. Негізгі және қосымша уақыт «Слованның» пайдасына 1:0 есебімен аяқталды, алайда екі матч қорытындысы бойынша есеп 1:1 болды.

Еурокубок тарихында алғаш рет «Қайрат» клубының тағдыры пенальти сериясында шешілді. Қақпашы Александр Заруцкий қарсыластың соққысын қайтарып, кездесу кейіпкерлерінің бірі атанды. Жеңіс әкелген пенальтиді Жоржиньо дәл соғып, есепті 4:3 қылып алматылықтардың пайдасына тіркеді.

Осылайша, «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы кездесуін жалғастырып, плей-офф кезеңінде шотландиялық «Селтикпен» кездеседі. Алғашқы матч 20 тамызда Глазгода, ал жауап ойыны 26 тамызда Алматыдағы стадионда өтеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив