Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
526.02 607.55 6.5

Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Астана қаласы бойынша өкілі Баян Жалмағанбетованы қабылдады

15-08-2025, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Кездесуде адам құқықтарын қорғау, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.

Баян Жалмағанбетова Мемлекет басшысына аталған салаға қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді.

Президент 2023 жылдың желтоқсан айында арнайы Жарлықпен Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары бекітілгенін атап өтіп, омбудсмен және оның өкілдері осы құжатты тиімді жүзеге асыру ісінде негізгі институт рөлін атқаратынына назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық белсенділік танытқаны үшін Баян Жалмағанбетоваға ризашылығын білдіріп, басқа өңірлер елордаға қарап бой түзейтінін, сондықтан бұл істе оған айрықша жауапкершілік жүктелетінін айтты.

Президент мүмкіндігі шектеулі жандардың мұң-мұқтажын шешу үшін әкімдікпен және министрліктермен тығыз жұмыс істеу, үкіметтік емес ұйымдарды ортақ іске жұмылдыру маңызды екеніне тоқталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив