Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.03 629.23 6.74

Ербол Мырзабосынов Kazakhstan Open-2025 таеквондо турнирінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты

Бүгін, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Додалы жарыстың ашылу салтанатына Дүниежүзілік таеквондо федерациясының (WT) президенті Чунгвон Чоу, Қазақстан таеквондо федерациясының (WT) президенті Құдірет Шамиев және Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин қатысты.

«Мемлекет басшысының спорт саласындағы сындарлы саясатының арқасында елімізде дене шынықтыру мен спорт саласы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде ерекше орынға ие болып отыр. Отандық спортшылар халықаралық ареналарда сәтті өнер көрсетіп жүр. Бүгінде Қазақстанда 71 мыңнан астам адам таеквондомен тұрақты түрде айналысады. Турнирді қазақ жерінде өткізуге сенім артқаны үшін Дүниежүзілік таеквондо федерациясының президенті Чунгвон Чоу мырзаға, жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Ұлттық таеквондо федерациясына, сондай-ақ қолдау білдірген бүкіл спорт қауымдастығына алғысымды білдіремін», — деді ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Ашылу рәсімі Қазақстандағы таеквондо қозғалысының негізін қалаушы Мұстафа Өзтүріктің туғанына 70 жыл және Қазақстан таеквондо федерациясының тұңғыш президенті Бексейіт Түлкиевті еске алуға арналды. Осы айтулы датаға орай олардың перзенттері — Неслихан Өзтүрік пен Ерсұңқар Түлкиевке шапан тарту етілді.

Биылғы турнирге 22 елден 750-ден астам спортшы қатысуда. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері және әлемдік рейтинг көшбасшылары бар. Жарыс кадеттер, жасөспірімдер және ересектер санатында өтеді. Турнир 16 тамызға дейін жалғасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив