Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.03 629.23 6.74

ІІМ азаматтарды дропперлердің қатысуымен жасалатын есірткі қылмыстары туралы ескертеді

Бүгін, 16:17 018.kz

ІІМ азаматтарды дропперлердің қатысуымен жасалатын есірткі қылмыстары туралы ескертед.

- Құрметті азаматтар! Ішкі істер министрлігі "дропперлікпен" байланысты қылмыстар туралы ескертеді.

Кейбір азаматтар оңай ақша табуды көздеп, заңсыз желілер арқылы есірткі айналымына тартылуда. Ол үшін қылмыскерлер сіздердің банк карталарыңызды, криптовалюта әмияндарын және басқа да төлем құралдарын пайдалануды сұрайды. Бұл әрекеттердің басты мақсаты – есірткі бизнесінің ізін жасыру.

Есіңізде болсын: банк карталарын, мобильді қосымшаларды және криптоәмияндарды үшінші тұлғаларға беру жай қателік емес, бұл ауыр қылмысқа қатысы бар дегенді білдіреді. Егер сіздің картаңыз немесе әмияныңыз есірткімен байланысты қаржылық операцияларда пайдаланылса, бұл дәлел ретінде қаралып, ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Мұндай әрекеттер бас бостандығынан айыру жазасына әкеледі.

Баршаңызды сақ болуға шақырамыз! Алаяқтардың арбауына түспеңіздер. Өзіңізді заңсыз әрекетке тартуға жол бермеңіз. Егер сізде осындай жағдайлар туралы ақпарат болса, дереу полицияға хабарлаңыз. Қауіпсіздік әрбірімізден басталады. Өзіңізді, жақындарыңызды және балаларыңызды қауіп-қатерден қорғаңыз, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив