Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.03 629.23 6.74

Ағымдағы жылдың басынан бері 9 мыңнан астам адам жастар практикасы арқылы жұмысқа орналастырылды

Бүгін, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жастар практикасы бойынша 9,1 мың адам жұмысқа орналастырылды. 2025 жылы бұл салада барлығы 38,9 мың жас қазақстандықты жұмыспен қамту жоспарлануда.

Жастар практикасы бойынша жұмысқа орналастырылғандардың ең көп саны Түркістан – 2,1 мың адам, Жамбыл – 802 адам, Қызылорда облыстарда – 775 адам және Шымкент қ. – 665 адам тіркелген.

Жастар практикасына қатысатын әйелдердің үлесі 62,7% немесе 5,4 мың адамды, ал ауыл тұрғындарыныі үлесі – 5 мың адамды немесе 58,1%-ды құрайды.

Білім беру ұйымдарының үлесі – 35 жасқа дейінгі жұмыссыз түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін жастар тәжірибесіне қатысушылар бола алады.

Алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында білім беру ұйымдарының 35 жастан аспаған жұмыссыз түлектері жастар практикасына қатыса алады. Жастар практикасына қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.

Жұмыс беруші жастар практикасына қатысушыларға кәсіби білім мен жұмыс тәжірибесін беру үшін тәлімгерді бекітеді.

Республика бойынша орташа жалақы мөлшері 109,5 мың теңгені құрады.

Жастар практикасын қаржыландыруды Еңбек мобильділігі орталығы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ай сайынғы жалақы төлеу арқылы жүзеге асырады. Төлем екінші деңгейдегі банктерде ашылған қатысушылардың ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақша қаражатын аудару жолымен жұмыс беруші ұсынған мәліметтер негізінде жүргізіледі.

Жастар практикасы арқылы жұмысқа орналастырылғандар арасында ең көп сұранысқа ие мамандықтар: мейіргер – 654 адам, заңгер – 367 адам, бастауыш сынып мұғалімі – 309 адам, тәрбиеші – 292 адам, шет тілі мұғалімі – 282 адам.

Жастар практикасына қатысқан қазақстандықтар бұл мемлекеттік қолдау шарасы туралы оң пікірлерін айтуда. Солардың бірі – Көкшетау қаласының тұрғыны Бәтима Жасұланова.

«2024 жылы Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетін «Өнеркәсіптегі халықаралық бизнес-логистикасы» мамандығы бойынша бітірдім. Аз уақыт астаналық ұйымда жұмыс істеп, штатты қысқарты кезінде жұмыстан босап қалдым. Мансап орталығына хабарласып, жұмыссыз ретінде тіркелдім. Онда маған жастар практикасына қатысуды ұсынды. Қазір Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында көлік инженері болып жұмыс істеймін», – дейді Бәтима Жасұланова.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив