Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.87 632.01 6.76

Астанада Конституцияның 30 жылдығына арналған этносаясат тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бүгін, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «Конституция – әділет пен парасат жолы» тақырыбында дөңгелек үстел мен кітап көрмесі өтті.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясы құндылықтары аясында құқықтық және этносаяси сауаттылықты арттыру, сондай-ақ қоғамдық диалогты дамыту болды.

Бағдарлама аясында әділдік пен адам құқықтарын қорғауға, этносаралық келісімді және азаматтық қоғамды дамытуға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ҚР Президенті жанындағы Президенттік орталықтың, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының және Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының өкілдері қатысты.

Пікірталас барысында этносаясатты дамыту перспективалары, Қазақстан қоғамының құқықтық және моральдық негізі ретіндегі Конституцияның рөлі қарастырылып, бірлік, әділеттілік және азаматтардың құқықтық санасын нығайтудың маңызы атап өтілді.

Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасып, өзара байланыс орнатудағы басым бағыттарды талқылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив