Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.87 508.33 5.65

Қазақстандық делегация «Жастар – болашақ жасампаздары» атты IV Халықаралық экология және туризм құрылтайына қатысты

18-08-2025, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Өзбекстанда «Жастар – болашақ жасампаздары» атты IV Халықаралық экология және туризм құрылтайы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастарды экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге тарту, сондай-ақ туризмді дамытуға ықпал ету.

Форумға Өзбекстан, Қазақстан және басқа да шет елдерден мыңға жуық қатысушы жиналды. Бағдарлама аясында конкурстар, семинарлар, спорттық жарыстар, экологиялық және туристік жобалардың таныстырылымдары, сондай-ақ жастар кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған іс-шаралар өтті. Сонымен қатар мәдени бағдарламалар, танымал тұлғалармен кездесулер де ұйымдастырылды.

Қазақстандық команда құрылтайда сәтті өнер көрсетіп, КТК ойынында бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, Eco Fashion байқауында арнайы номинацияны да жеңіп алды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив