Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540 630.72 6.72

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы мен «Еуразия» Бірінші арнасының бас директоры тағайындалды

Бүгін, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Еуразия» Бірінші арнасының ұжымдарына жаңа басшыларын таныстырды.

Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы қызметіне Ернұр Бурахан тағайындалды.

Ернұр Көшерханұлы 1981 жылы 16 маусымда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Журналистика саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар.

Әр жылдары «Qazaqstan» телеарнасының тілшісі және тележүргізушісі, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Ақтөбе облыстық филиалының директоры, сондай-ақ «Қазақ радиолары» ЖШС директоры қызметтерін атқарған.

Осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы болды.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясын алты жылдан астам уақыт бойы басқарған Ләззат Танысбай «Еуразия» Бірінші арнасының бас директоры болып тағайындалды.

Ләззат Мұратқызы журналистика саласында 30 жылдан аса еңбек етіп келеді. «Astana TV» телеарнасын және «Нұр-медиа» холдингін басқарды. «Қазақстан» телерадиокорпорациясында оның жетекшілігімен «Abai TV» телеарнасы іске қосылды, тарихи телехикаялар мен анимациялық фильмдер өндірісі ерекше серпінмен дамыды, отандық контентті интернет кеңістігінде және шетелдерге тарату ісінде көп жұмыс атқарылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив