Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540 630.72 6.72

Мемлекеттік органдар елге тауық жұмыртқасын әкелуге және сатуға бақылауды күшейтті

Бүгін, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылдың 15 тамызда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабековтың төрағалығымен тауық жұмыртқасын заңсыз әкелуге және оны ішкі нарыққа сатуға қарсы күрес мәселелері бойынша кеңес өтті.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, Техникалық реттеу және метрология және аумақтық бақылау комитетінің, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері қатысты.

Жиында өнімдерді заңсыз әкелу фактілеріне ден қоюдың тиімді және жедел тетіктерін әзірлеу, шекаралық бақылауды күшейту, ішкі нарықта тауық жұмыртқасын сатуда заң бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.

Ішкі нарықты қорғау мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдар жүйелі шаралар кешенін жүзеге асыруда. Құс өсірушілер одағымен өзара іс-қимыл нәтижесінде ішкі нарыққа тауық жұмыртқасын заңсыз әкелді деген күдікпен 6 факт анықталды. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша 3 жағдайда қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес шаралар қабылданды, қазіргі уақытта 1 іс бойынша тексеру шаралары жүргізілуде, 2 жағдай бойынша заңбұзушылықтар дәлелденбеді.

«Тауық жұмыртқасының заңсыз әкелінуі азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді, бәсекелестік ортаны бұзады және мемлекет қабылдап жатқан шараларға деген сенімді әлсіретеді», - деді Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков.

Биылғы жылдың 17 ақпанында ҚР Сауда және интеграция министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Құс өсірушілер одағымен, Жұмыртқа өндірушілердің салалық қауымдастығымен және бөлшек сауда желілері одағымен бірлесіп, тауық жұмыртқасының бағасын тұрақтандыру бойынша келісілген іс-шараларды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ішкі нарықты қорғау және отандық өндірушілерді қолдау шаралары аясында биылғы жылдың 4 сәуірінен бастап 6 ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салынды. Бұл тыйым Ауылшаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген.

Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі үйлестірілген жұмыс және ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту қажеттігі туралы ортақ түсіністікке қол жеткізілді. Қабылданған шаралар тұтыну нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге, отандық тауар өндірушілердің мүдделерін қорғауға және елдегі азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив