Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
526.79 606.34 6.51

ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Қазақстанның атом саласын дамыту жөніндегі көзқарасымен бөлісті

22-08-2025, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылғы 19 тамызда Назарбаев Университетінде «Қазақстанның жасыл экономикаға көшуі» конференциясы өтті. Назарбаев Университеті жанындағы Ұлттық талдау орталығы мен Гарвард университетінің (АҚШ) Ресей және Еуразия зерттеулері жөніндегі Дэвис орталығы бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстел жасыл экономикасының өзекті мәселелері мен сын-қатерлерін талқылау үшін сарапшыларды, мемлекеттік органдар мен зерттеу орталықтарының өкілдерін біріктірді.

«Қазақстанның ядролық кластері: негізгі сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбындағы сессия барысында ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің өкілдері Қазақстан атом саласын дамытуға қатысты көзқарастарымен және елдің көміртегі бейтараптығына қол жеткізудегі бейбіт атомның рөлімен бөлісті.

Сонымен қатар, сессияда ядролық энергетикадағы қазіргі үрдістер мен Қазақстанның жаһандық жеткізу тізбегіндегі мүмкіндіктері талқыланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив