Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
537.76 627.62 6.7

Көлік министрлігінде авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО аудитіне дайындық жөніндегі кеңес өтті

27-08-2025, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) алдағы аудиті қарсаңында ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың төрағалығымен кеңес өтті. Оған Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің, сондай-ақ Астана мен Алматы қалалары әуежайларының өкілдері қатысты.

Авиациялық қауіпсіздік саласындағы ИКАО аудиті – ұйымға мүше кез келген ел үшін маңызды іс-шара. Мұндай тексерулер барлық мемлекеттерде жүйелі түрде жүргізіледі және олардың нәтижелері авиация саласының дамуына тікелей әсер етеді.

Аудиттен өтпеу немесе елеулі сәйкессіздіктердің анықталуы әуе компаниялары мен әуежайларға шектеулер енгізуге әкелуі мүмкін. Қазақстан үшін аудиттен сәтті өту 2026 жылы Нью-Йорк (АҚШ) қаласына тікелей рейстерді орындаудың басталуына байланысты ерекше маңызға ие.

Кеңес барысында аудитке дайындық туралы баяндамалар тыңдалып, Қазақстан әуежайларының авиациялық қауіпсіздік жүйесін халықаралық тәжірибе мен стандарттарға сәйкестендіру бойынша сала өкілдеріне нақты тапсырмалар берілді.

Қазақстандағы ИКАО аудитін биылғы жылғы 2–14 қыркүйек аралығында авиациялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық сарапшылар жүргізеді. Аудит тобының құрамына ИКАО авиациялық қауіпсіздік аудиті секторының жетекшісі және ұйымның шақырылған үш аудиторы кіреді. Қазіргі уақытта Қазақстандағы авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО аудитінің көрсеткіші 83%-ды құрайды. Бұл көрсеткішті арттыру жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив