Сенатта Төтенше жағдайлар жөніндегі орталықтың қызметі туралы заң қаралды
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында оның болу шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды талқылады.
Заң Төтенше жағдайлар жөніндегі орталықтың болуы мен жұмыс істеуі және Қазақстан Республикасының аумағында дүлей зілзалалар қаупін азайту мәселелерін реттеуді көздейді.
Сенаторлардың айтуынша, келісім ратификацияланғанда орталықтың мақсаты мен міндетін орындау үшін Қазақстан Республикасының аумағында қажетті жағдай қамтамасыз етілетін болады.
Комитет депутаттары кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.