Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Өңірде «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. Оған Абай облысының барлық аудандарынан отбасылар қатысты. Әрқайсысы – шаңырақтағы татулық пен түсіністіктің, дәстүрлі құндылықтарды сақтаудың жарқын үлгісін көрсетті.
Қатысушыларды құттықтаған Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр отбасының қоғамдағы айрықша маңызына тоқталып өтті.
Байқауға көпбалалы жанұялар, еңбек әулеттері, немере-шөберелері жанын жадыратқан ардақты ардагерлер қатысты.
Комиссия шешімімен облыстық кезеңнің жеңімпазы болып Сыдықбаевтар отбасы танылды. Енді олар өңір намысын республикалық деңгейде қорғайтын болады.
Отағасы Оңғар ата мен жұбайы Тлеугайша Қасымжанқызы сегіз перзент тәрбиелеп өсірген. Бүгінде олар – 16 немере мен 7 шөберенің ата-әжесі.