Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
539.55 627.55 6.7

Абай облысының әкімдігі мен қытайлық Xinjiang Xinhua Industrial Company компаниясы арасында келісімге қол қойылды

Бүгін, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасындағы жұмыс сапары аясында Бейжің қаласында өткен Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің VIII отырысына қатысты. Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары және бизнес құрылымдарының 500-ден астам өкілі жиналған іс-шарада Абай облысының делегациясы да болды.

Отырыс аясында Абай облысының әкімдігі мен қытайлық Xinjiang Xinhua Industrial Company компаниясы арасында Семей қаласында тұрғын үй кварталын салу жөнінде келісімге қол қойылды.

Келісімге Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр және компания өкілі Ши Цунлян қол қойды. Құжатқа сәйкес Семей қаласының жаңа ауданында заманауи тұрғын үйлер, қонақүйлер, мектептер салу көзделген. Жоба халықаралық стандарттарға сай жаңа қалалық орта қалыптастыруды мақсат етеді.

«Жобаның ауқымы да ерекше: жалпы аумақ 150 гектарды қамтиды, ал инвестиция көлемі 106,8 млрд теңгені құрайды. Абай облысы үшін бұл келісімнің мәні зор. Жаңа жұмыс орындарын ашуға, құрылыс саласы мен оған қатысты бағыттарды дамытуға жол ашады, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңа деңгейге көтереді. Біз бұл жобаның өңірдің дамуының жаңа драйверіне айналып, Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенімдіміз»,- деді Ербол Садыр.

Аталған құжатқа қол қоюға негіз болған маңызды қадам – биылғы 20 мамырда Семей қаласында облыс әкімі Берік Уәлидің бастамасымен өткен «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы.

Бұл – Xinjiang Xinhua Industrial Company компаниясының Абай облысындағы екінші жобасы. Компания өкілдері жоғарыда аталған форум аясында өңірдің әлеуетімен танысып, Семейде сауда логистикалық орталығының құрылысын бастады. Нысанның іргетасын қалау рәсіміне аймақ басшысы қатысқан болатын.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив