Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.38 531.63 5.27

Қорғаныс ведомствосында жүзуден жеке-командалық чемпионат өтті

12-04-2023, 10:22 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада жүзуден ҚР Қарулы күштер Бас штабының, Қорғаныс министрлігінің жеке-командалық чемпионаты өтті.

ҚР ҚМ Орталық спорт клубының ұйымдастыруымен XIII Спартакиада аясында «Алатау» спорт кешеніндегі Ақмола гарнизонының құрылымдық бөлімшелері арасында жарыс өтті. Чемпионатқа Қарулы күштердің 35-тен аса командасы, 140-тан астам әскери қызметшісі мен қызметкері қатысты.
Жарысқа әйелдер мен ерлер арасындағы жеке біріншіліктер, сондай-ақ 4х50 метрлік командалық эстафета кірді. Сайыс нәтижелері бойынша жүлделі орындар былайша бөлінді. ҚР ҚК бас басқармаларының, басқармаларының, әскери бөлімдері мен мекемелерінің әскери қызметші әйелдері арасында 50 метр қашықтыққа жүзуден лейтенант Гүлжан Нүсіпова (ҚР ҚК ӘПББ) бірінші болып жеңіске жетті. Сол сияқты 50 метр қашықтықта департаменттердің әскери қызметші әйелдері арасында мәреге бірінші болып жүзіп жеткен – Лариса Адамович (Ақпараттық қамтамасыз ету департаменті).

40 жастан асқан ер азаматтар арасында 100 метр қашықтыққа бірінші жеткен полковник Михаил Гаврилов (14776 ә/б) болды. 40 жасқа дейінгі жас санатында майор Алексей Файзуллин (14776 ә/б) дәл осындай қашықтықта бірінші келді. 35 жасқа дейін қатардағы жауынгер Илья Маматов (ҚР ҚК Әскери полициясының бас басқармасы) 100 метрді бәрінен жылдам еңсерді.

Департаменттер мен орталықтардың арасында 40 жастан жоғары санатта жарысқа шыққан полковник Ерболат Дүйсекенов 100 метр қашықтықты бәрінен бұрын еңсеріп, Ұлттық қорғанысты басқару орталығына жеңіс әкелді. 40 жасқа дейінгі әскери қызметшілердің ішінде мәреге бірінші жеткен – подполковник Серік Дәулеталинов (Жауынгерлік дайындық департаменті). 35 жасқа дейінгі азаматтар қатарында капитан Александр Нохрин (Жауынгерлік дайындық департаменті) алдында жан салмады.

Осылайша өткен жарыста жалпы командалық есепте 1 орынды ҚР ҚК БШ Жауынгерлік даярлық департаменті иеленсе, ҚР ҚК бас басқармаларының, басқармаларының, әскери бөлімдері мен мекемелерінің арасында Әскери полиция бас басқармасының командасы үздік деп танылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив