Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Қазақстанда VI спартакиада өтті

10-02-2023, 09:54 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанның VI спартакиадасына күрес түрлері бойынша қатысқан Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының балуандары төрт «алтын», бір «күміс» және үш «қола» жеңіп алды.

Жарысқа республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың құрама командалары қатысты. Спартакиада халықаралық күрес федерациясының ережелері бойынша әр стильде 10 салмақ дәрежесінде өткізілді.

– Мұндай жарыстар олимпиадалық ойындардың беделін танымал етуге, өңірлерде спортты дамытуға ықпал етеді. Спартакиада қорытындысы бойынша рейтингтік турнирлерге қатысу үшін грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша ұлттық құрама командалар жасақталады, – деп түсіндірді Спорт комитеті төрағасының орынбасары – Қорғаныс министрлігінің штаттық командаларды даярлау орталығының бастығы подполковник Әнуар Үсенов.

Жарыс қорытындысы бойынша грек-рим күресінен Қарулы күштердің қызметкерлері 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде – Нұрсұлтан Тұрсынов, 130 келіге дейінгі салмақта – Әлімхан Сыздықов чемпион атанды. 60 келіге дейінгі салмақта мерзімді қызметтің қатардағы жауынгері Олжас Сұлтан мен 97 келіге дейінгі салмақта Қарулы күштердің қызметшісі Ислам Умаев «қола» медальді жеңіп алды.

Әйелдер арасындағы күресте 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ефрейторлар Марина Среднаяға, 72 келіге дейінгі салмақта Жәмила Бақбергеноваға тең келер ешкім болған жоқ. 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ефрейтор Гүлмарал Еркебаева күміс жүлдеге ие болды. Еркін күрестен 70 келіге дейінгі салмақта ефрейтор Мейіржан Әшіров қола жүлдегер атанды.

Кешенді жарыстарға ұлттық және халықаралық санаттағы төрешілер төрелік етті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив