Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.18 628.93 6.68

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы жаңа егін астығын қабылдау үшін астық қоймаларын босатуда

Бүгін, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің тапсырмасын орындау мақсатында, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы жаңа егіннің астығын қабылдау үшін астық қоймаларын босату бойынша шаралар кешенін іске асыруда.

2 қыркүйекте Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ильдар Исмагулов Ақмола облысындағы «Астық қоймалары» ЖШС-нің №1 астық қоймасының жұмысын тексерді. Қазіргі уақытта кәсіпорын бұрын жасалған келісімшарттар бойынша күн сайын астық жөнелтуді жүзеге асыруда. Алдағы күндері астық қабылдау пунктінен 15 мың тоннаға жуық өнімді шығару жоспарлануда.

«Қоймаларды уақтылы босату астық айналымын жеделдетуге және 2025 жылғы астықты қабылдау кезінде кәсіпорын инфрақұрылымын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қазір кәсіпорын басшылығы үшін өңірдің фермерлері мен тасымалдаушыларымен тұрақты өзара іс-қимылды қамтамасыз ету маңызды. Бұл астықты біркелкі және кедергісіз жеткізуге септігін тигізеді», – деді Ильдар Исмагулов.

Өңірде егін жинау науқаны басталғалы бері №1 астық қоймасына 8,5 мың тоннаға жуық астық келіп түсті. Кәсіпорынның сақтау сыйымдылығы жалпы 192,8 мың тоннаны құрайды.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Ақмола облысы бойынша жалпы көлемі 2,4 млн тонна астықты қабылдау және сақтау үшін лицензияланған элеваторлармен шарттар жасасты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив