Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.18 628.93 6.68

Абай облысында атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азайып келеді

Бүгін, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны төмендеген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Айман Нұрлыбек баяндады.

- Қыркүйек айына дейін облыстағы 2 436 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. Мектеп жасына дейінгі 3 508 балаға қосымша төлемдер төленді. Жалпы сомасы 921,1 млн теңгеден асты. Мемлекеттік қолдау шаралары нәтижесінде көмек алушылар саны азайып келеді. Өткен жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушылар 860 отбасына кеміді, – деді басқарма басшысы.

Спикердің айтуынша, ағымдағы жылдан бастап учаскелік комиссиялар өтініш берушілердің жағдайын бағалау үшін FSM Social мобильді қосымшасын қолданады. Қосымша геолокациямен жабдықталғандықтан, шешім қабылдау процесі жылдамдайды және формальды тәсілдердің алдын алады.

- Бұдан бөлек, азаматтардың жекелеген санаттарына атаулы және мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Ардагерлерге, көпбалалы отбасыларға, І және ІІ топтағы мүгедектерге төленетін төлем мөлшері жыл сайын артып келеді. Мәселен, ҰОС ардагерлеріне төлем 2023 жылы 1 млн теңге болса, биыл 5 млн теңгеге жетті, – деді Айман Нұрлыбек.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив