Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Қазақстанда 6,5 млн тонна астық бастырылды

4-09-2025, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Егін жинау науқаны қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 4,6 млн гектар дәнді дақылдар жиналып, бұл жалпы егіс алқабының 28,5%-ын құрады. Бастырылған астық көлемі 6,5 млн тоннаны құрайды.

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 131 мың тонна майлы дақылдар, 778,1 мың тонна картоп (өнімділігі 238,6 ц/га), 2 млн тоннадан астам көкөніс (өнімділігі 290,3 ц/га), 2,1 млн тонна бақша дақылдарын (өнімділігі 274,7 ц/га) жинады.

Сонымен қатар 347,4 мың тонна қырыққабат (өнімділігі 370,2 ц/га), 418 мың тонна пияз (өнімділігі 396,5 ц/га), 129,3 мың тонна сәбіз (өнімділігі 311,3 ц/га) жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде және оңтайлы агротехникалық мерзімде жүргізілуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив