Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысы прокурорының орынбасары Е.О. Жақсыбаевтың төрағалығымен ведомствоаралық жедел кеңес отырысы өткізілді

30-01-2023, 14:33 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылғы 27 қаңтарда облыс прокурорының орынбасары Е.О. Жақсыбаевтың төрағалығымен «Қылмыстық қудалау органдарының ҚПК-нің 192-бабының көзделген талаптарын сотқа дейінгі тергеп-тексеру  мерзімдерін сақтауы заңдылығының жай-күйі, сондай-ақ осы бағыттағы прокурорлық қадағалаудың 2022 жылғы жай-күйі» тақырыбында ведомствоаралық жедел кеңес отырысы өткізілді.
         
Ведомствоаралық жедел кеңестің жұмысына Полиция департаменті бастығының орынбасары Е.Д. Закимов, Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары О. Н. Турлыбаев және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті бастығының орынбасары Д.Ж. Акуан, аумақтық полиция бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ қалалық және аудандық прокурорлар қатысты.
         
Қалыптасқан жағдайды нақты түсіну үшін 2015 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде бұзылған мерзімнен аяқталған қылмыстық істер бойынша мәліметтер келтірілген. 
         
2015 жылдан 2017 жылға дейін мұндай істердің саны 68,8% - ға төмендеді. Алайда, кейіннен 2015 жылдан 2021 жылға дейін бұзылған мерзімдер саны 61,3% - ға өсті.          
        
2022 жылы олардың саны 1%  - ға азайды. 
        
Бұзылған мерзімнен аяқталған қылмыстық істердің негізгі бөлігі полиция органдарына тиесілі – 2021 жылы – 93% - ға, 2022 жылы - 98% - ға.
        
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша қылмыстық қудалау органдары басшыларының орынбасарларына ведомстволық бақылау шараларына қол жеткізу, қылмыстық істерді тергеу сапасын арттыру және сотқа дейінгі іс жүргізуді ақылға қонымды мерзімде аяқтау туралы ҚПК-нің 192-бабының талаптарын мүлтіксіз сақтау тапсырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив