Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Абай облысында балалар мен жасөспірімдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тақырыбында оқыту семинары өтті

10-09-2025, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырмасына сәйкес Семей қаласында «Балалар мен жасөспірімдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды.

Іс-шараға тәжірибелі психолог мамандар қатысып, тәжірибелерімен бөлісті. Абай облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Анна Симоненко «Балалар жарақатының психологиясы», «Зорлық-зомбылық белгілері және диагностикасы», «Балалардың зорлық-зомбылықты қабылдауы» тақырыптарында сөз қозғады.

Сонымен қатар Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының Семей қаласының № 2 емханасының психологы Айгерім Балағазинова «Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен баламен сөйлесу тәсілдері», «Полиция және басқа құрылымдармен өзара әрекеттесу», «Мамандардың эмоционалды күйіп қалуы» тақырыптарында дәріс оқып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Семинар барысында қатысушылар белсенділік танытып, мамандардан өзекті мәселелер бойынша нақты жауап алды. Шара соңында кофе-брейк ұйымдастырылып, қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив