Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
536.76 630.85 6.45

Абай облысында цифрлық трансформациялаудың жеті негізгі бағыты таныстырылды

Бүгін, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын өңірде жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Кеңес барысында облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлы өңірді цифрлық трансформациялаудың жеті негізгі бағытын таныстырды. Оның ішінде:

  • Денсаулық сақтау саласы – ауруларды ерте диагностикалау және медициналық қызмет сапасын арттыру үшін жасанды интеллект шешімдерін енгізу;

  • Білім беру саласы – цифрлық платформалар арқылы оқу үдерісін жекелендіру және қашықтан білім беру сапасын көтеру;

  • Аграрлық сектор – егістік алқаптарын мониторингтеу мен өнімділікті болжауда жасанды интеллект қолдану;

  • Қоғамдық қауіпсіздік – бейнебақылау жүйелері мен деректерді талдау негізінде құқық бұзушылықтардың алдын алу;

  • Мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа көшіру – тұрғындар үшін қолжетімділікті жеңілдету және бюрократиялық кедергілерді азайту;

  • Өңірлік деректерді өңдеу орталығын салу – деректер қауіпсіздігі мен ақпараттық тәуелсіздікті қамтамасыз ету;

  • Smart City жобасын іске қосу (Семей қаласында) – көлік қозғалысын басқару, коммуналдық қызметтердің тиімділігін арттыру және тұрғындардың өмір сапасын жақсарту.

Сонымен қатар, су ресурстарын басқаруда жасанды интеллект жүйесін пайдалану жоспарланып отыр. Бұл қадамдар өңірдің цифрлық дамуын жеделдетіп, мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттырып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

Облыс әкімі Берік Уәли өз сөзінде Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды сапалы әрі уақытылы орындаудың маңыздылығын атап өтіп, әр сала бойынша нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеуді міндеттеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив