Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
536.76 630.85 6.45

Абай облысы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Бүгін, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Жиынға Қоғамдық кеңес төрағасы Мейрамхат Айнабеков, кеңес мүшелері, мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Бесқарағай ауданы әкімінің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы жылға арналған жоспарлары туралы есебі тыңдалды. Есеп барысында аудандағы негізгі салалардың дамуы, жаңа жобалардың іске асырылуы және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған шаралар жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар, кеңес мүшелері мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, заңдылықты сақтау және қоғам тарапынан бақылауды күшейту мәселелерін талқылады. Бұл ретте аталған бағыттар бойынша ұсыныстар мен нақты тапсырмалар берілді.

Отырыс барысында Қоғамдық кеңестің жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында қоғамдық кеңес комиссиясының жаңа құрамы бекітілді.

Жиын соңында Мейрамхат Айнабеков Қоғамдық кеңестің негізгі міндеті – қоғам мен билік арасындағы ашық диалогты қамтамасыз ету екенін атап өтіп, алдағы уақытта да халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуде белсенділік танытуға шақырды.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив