Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.2 629.64 6.34

Жәнібек Тайжанов ҚР көлік вице-министрі болып тағайындалды

Бүгін, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Жәнібек Жұмаұлы Тайжанов көлік вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады.

1982 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қазақ қатынас жолдары университетін, Азаматтық авиация академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған, әр жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК филиалдарында жұмыс істеді.

2014-2019 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі департаменті директоры.

2019-2022 жылдары – ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары.

2022-2024 жылдары – «Қазақстан темір жолы» ҰК «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының бірінші орынбасары, бас директор - Басқарма төрағасы. 

2024 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті төрағасы қызметін атқарды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив