Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Мемлекеттік кеңесші аналитикалық құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді

11-09-2025, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мемлекеттік аналитикалық құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді.

Басқосу барысында аналитикалық құрылымдардың қызметін үйлестіру және институттар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі шаралар мен алдағы қадамдар талқыланды.

Сонымен қатар аналитикалық зерттеулердің нәтижелерімен өзара алмасу тетіктері, Ұлттық статистика бюросының деректер орталықтарын кеңінен пайдалану мүмкіндіктері пысықталды.

Мемлекеттік кеңесші Президенттің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер мен оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты биылғы Жолдауы терең сараптамалық талдауды әрі жекелеген бастамаларды іске асыру бойынша ұсынымдар әзірлеуді талап ететініне ерекше назар аударды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив