Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.89 629.53 6.34

Қазақстанда «Esirtkisiz QAZAQSTAN» жалпыұлттық жастардың есірткіге қарсы қозғалысы құрылды

Бүгін, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада «Esirtkisiz QAZAQSTAN» атты республикалық конференция өтті. Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Ішкі істер министрлігінің Есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасы бойынша кеңесінің қолдауымен «Esbol Qory» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмалары аясында ұйымдастырылды. Президент ол жерде наркотизм ел болашағына төнген қатер екенін ерекше атап өтті.

Конференция жұмысына нашақорлықтың алдын алу мен жастарды қолдауға жауапты негізгі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, сондай-ақ халықаралық серіктестердің (БҰҰ құрылымдары) өкілдері қатысты.

Жас көшбасшылар нашақорлықтың алдын алу бойынша өздері әзірлеген инновациялық тәсілдер мен цифрлық шешімдерді ұсынды.

Солардың бірі – «MERGEN» ақпараттық жүйесі. Ол онлайн кеңістікті есірткіге қатысты вирустық контентті анықтап, оны бұғаттайды. Осы жүйенің арқасында Қазақстан аумағында 5000-нан астам интернет-ресурс анықталды. Сонымен қатар есірткі қылмысының цифрлық картасы таныстырылды. Картаны құқық қорғау органдары өз қызметіне белсенді қолдануда.

Конференция барысында нашақорлықтың алдын алу жөніндегі 20 өңірлік фронт-кеңсе жұмысы талқыланды. Бұл орталықтар жастарға бағытталған және жасөспірім, студенттерге салауатты өмірдің маңызын түсінікті тілде жеткізеді. Сол үшін арнайы ғылыми әдістемелерге негізделген заманауи бағдарламаларды да енгізуде.

Сонымен қатар конференция аясында бүкіл ел бойынша жас белсенділерді біріктіретін «Esirtkisiz QAZAQSTAN» жалпыұлттық жастардың есірткіге қарсы қозғалысын құру туралы меморандумға қол қойылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив