Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстандық әскерилер бейбітшілік пен қауіпсіздік курсынан өтті

13-04-2023, 17:19 Думан Кенжеғазыұлы

Алматыда ҚР ҚМ Бітімгерлік операциялар орталығы Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігімен бірлесіп, «Адам қауіпсіздігі және гендерлік мәселелер жөніндегі кеңесші» курсын өткізді.

Курсқа Қарулы күштердің, Ұлттық ұланның, сондай-ақ Орталық Азия өңірінің басқа да күштік ведомстволарының өкілдері жиналды. Курстың ашылу салтанатына «БҰҰ – Әйелдер» өкілі Мария Доценко қатысты. Сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Ұлыбританияның әскери атташесі подполковник Роб Бакстер мен «Қорғау-Астана» жеке қорының басшысы Анна Рыль дәріс оқыды.

Іс-шара барысында ҚР ҚМ Бітімгерлік операциялар орталығы бітімгерлік дайындық басқармасының офицер-оқытушылары сабақ жүргізді. Курстың мақсаты БҰҰ-ның «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» қарарының нормаларын зерттейтін және қолданатын мамандарды даярлау, қатысушыларды азаматтық халықты қорғау құқығымен және тұжырымдамасымен таныстыру болды.

Оқу аптасының негізгі бөлігі тыңдаушыларды тиісті басшылық құжаттармен, атап айтқанда БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау операцияларындағы халықтың осал топтарын қорғау тұжырымдамасы мен стратегиясымен, әскери шешім қабылдау процесінде адам қауіпсіздігі және гендерлік мәселелер жөніндегі кеңесшінің рөлімен таныстыруға бағытталды. Қарулы қақтығыс жағдайында балаларды қорғау, Үкіметтік емес ұйымдармен және БҰҰ-ның аймақтық кеңселерімен үйлестіру жұмыстарына ерекше назар аударылды.

Курс соңында қатысушыларға бұрын зерттелген модельдер негізінде адам қауіпсіздігі және гендерлік аспектілер жөніндегі кеңесшінің көзқарасы бойынша жедел жағдайды талдауға арналған баяндама дайындауға уақыт берілді. Курс сұрақ-жауап сессиясы түріндегі қорытындылармен аяқталып, шолуларға қысқаша талдау жасалды. Шаранйың жабылу салтанатында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив