Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай1°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-4°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау-3°С
  • Курчатов10°С
  • Көкпекті-4°С
  • Үржар-0°С
537.77 622.95 6.65

Роман Скляр Латвия Республикасының Көлік министрі Атис Швинкамен кездесу өткізді

30-09-2025, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың Латвия Республикасының Көлік министрі Атис Швинкамен кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында көлік-логистика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланды. Теміржол және транзиттік тасымалдардың дамуының оң динамикасы атап өтілді, сондай-ақ қазақстандық жүктерді Еуропа мен басқа нарықтарға жеткізу үшін латвиялық порттарды пайдалану мүмкіндіктерінің артып келе жатқаны айтылды.

Тараптар автокөлік, әуе қатынасы және рәсімдерді цифрландыру саласында өзара іс-қимылды тереңдетуге дайын екендігін растады. Электрондық сауда және Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту бағыттарындағы жаңа логистикалық жобаларды жүзеге асыру әлеуетіне ерекше көңіл бөлінді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Латвия арасындағы серіктестікті нығайтуға бағытталған нақты бастамаларды бірлесіп әзірлеу және бейінді ведомстволар деңгейінде диалогты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив