Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай1°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-4°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау-3°С
  • Курчатов10°С
  • Көкпекті-4°С
  • Үржар-0°С
537.77 622.95 6.65

Роман Скляр түрік іскерлік қоғамдастығының өкілдерімен кездесу өткізді

1-10-2025, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Түркияның Сыртқы экономикалық байланыстар кеңесінің (DEİK) Қазақстандағы үйлестірушісі Сельчук Юдже, Дүниежүзілік түрік іскерлік кеңесінің (DTİK) Қазақстандағы өкілі Ахмет Будан және бірқатар түрік компаниясының өкілімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстанда бизнес жүргізу және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысты өзекті мәселелер, сондай-ақ өнеркәсіп, құрылыс, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен және жоғары технологиялар салаларындағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.

Роман Скляр Түркияның Қазақстанның негізгі сыртқы экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтіп, түрік бизнесінің бірлескен жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысатынын, бұл өз кезегінде технологиялар трансфертіне, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және еліміздің индустриялық әлеуетінің артуына ықпал ететінін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөнінде сындарлы диалог пен бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Анықтама:

DEİK (Түркияның Сыртқы экономикалық байланыстар кеңесі) 1985 жылы құрылған, құрамында шамамен 2 мың компания бар. Кеңес аясында 150-ден астам іскерлік кеңес жұмыс істейді, оның ішінде 1991 жылдан бері Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға жәрдемдесіп келе жатқан Түрік-Қазақстан іскерлік кеңесі бар.

DTİK (Дүниежүзілік түрік іскерлік кеңесі) DEİK құрылымында жұмыс істейді және шетелдегі түрік кәсіпкерлері мен Түркияның серіктестерін біріктіріп, жаһандық іскерлік желіні құрайды. Қазақстанда DTİK аясында ірі түрік компаниялары құрылыс, өнеркәсіп, энергетика және қаржы салаларында белсенді қызмет атқаруда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив