Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
546.96 642.73 6.7

ҚР Энергетика министрі ЕЭК-тің энергетика саласындағы интеграция мәселелері жөніндегі Коллегия мүшесімен кездесті

Кеше, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Kazenergy-2025 форумы аясында ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пен Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев кездесті.

Келіссөз барысында тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың газ, электр энергиясы, мұнай және мұнай өнімдері бойынша ортақ энергетикалық нарық қалыптастыруға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Министр Е. Ақкенженов Одақ шеңберіндегі энергетикалық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан ашықтық пен өзара тиімділік қағидаттарына негізделген іс-қимыл ережелерін дамытуға мүдделі екенін айтты.

«Біз ЕЭК-тің күш-жігерін жоғары бағалаймыз және барлық мүше мемлекеттердің мүдделерін құрметтейтін, тең қолжетімділік принциптеріне негізделген ортақ нарық құру бойынша конструктивті жұмыс жүргізуге дайынбыз», – деді министр.

Тараптар ЕЭК аясында мүше мемлекеттердің мүдделерін ескеретін және ЕАЭО аясындағы энергетикалық интеграцияны күшейтуге ықпал ететін теңгерімді шешімдерді әзірлеу мақсатында бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін мәлемдеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив