Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай28°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
488.37 559.77 6.64

Түркістан облысында 50 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды

15-04-2023, 08:31 Думан Кенжеғазыұлы

Түркістан облысында 50 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды.

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов өңірде заңсыз көші-қон арнасын анықтап, алдын алу және оларды ұйымдастырушыларды табу, сондай-ақ облыс аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды анықтау мақсатында тікелей тапсырма беріп, арнайы топ құрды. Аталмыш топ 10 тәулік ішінде ел аумағында заңсыз жүрген Өзбекстан Республикасының 114 азаматын анықтаған. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша тиісті хаттамалар толтырылып, жинақталған іс құжаттар жергілікті сотқа жолданды.

Ал Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 50 шетелдік сот шешімімен ел аумағынан аластатылса, төрт шетелдік әкімшілік қамауға алынды. Бұдан бөлек, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған Қазақстан Республикасының екі азаматының әрқайсысына ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша әкімшілік айыппұл салынды.

Шетелдіктерді заңда белгіленген тәртіп бойынша қабылдамаған үш қазақстандыққа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша шара көрілді. Осы ретте облыстың бас полицейі М.Қабденовтің жіті бақылауымен заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды анықтау жұмыстары үздіксіз жалғаса бермек.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив