Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай1°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-4°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау-3°С
  • Курчатов10°С
  • Көкпекті-4°С
  • Үржар-0°С
537.77 622.95 6.65

Қазақстан СІМ басшысы ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты

7-10-2025, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) 12-ші Саммиті қарсаңында өткен ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты.

Министрлік кездесудің барысында Ұйым аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікір алмасу өтіп, өзекті халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша «сағаттар теңестірілді».

Өз сөзінде Е.Көшербаев қазіргі геосаяси және геоэкономикалық жағдай аясында Ұйымның артып келе жатқан рөлін ерекше атап өтті. «Бүгін ТМҰ ортақ мүдделерді ілгерілету, бірлескен бастамаларды жүзеге асыру және әлемдік аренада келісілген ұстанымдарды қалыптастыру үшін маңызды алаңға айналды», – деді ол.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы отырысқа қатысушыларды түркі әлеміндегі экономикалық ынтымақтастықтың негізгі қозғаушы күші болуға қабілетті Түркі инвестициялық қорының қызметін жедел бастауға шақырды.

Сондай-ақ ол бауырлас елдерді Астанада орналасқан Орталық Азиядағы алғашқы суперкомпьютер мен жақында ашылған «Alem.AI» халықаралық жасанды интеллект орталығының әлеуетін жаңа идеялар мен инновациялар үшін бастапқы алаң ретінде пайдалануға шақырды.

Іс-шара соңында министрлер түркі ұйымдарының қызметін дамыту мен кеңейтуге бағытталған бірқатар құжаттарды қабылдады, сондай-ақ ТМҰ 12-ші Саммитінің қорытынды құжаттарының жобаларын қарап, мақұлдады.

Түркі мемлекеттері ұйымы 2009 жылы Қазақстанның бастамасымен құрылды. Қазіргі уақытта Ұйымның құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Мажарстан мен Түрікменстан бақылаушы мәртебесіне ие.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив