Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай28°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
488.37 559.77 6.64

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пасха мерекесімен құттықтауы

16-04-2023, 12:20 Думан Кенжеғазыұлы

Құрметті отандастар!

Еліміздің православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтаймын!

Бұл – мейірімділікті, бейбітшілікті, әділдікті дәріптеп, жұртшылықты қайырымдылық жасауға, жақындарына жанашыр болуға шақыратын мейрам.

Мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуына негіз болып отырған гуманизм, діни төзімділік және тілеулестік сияқты құндылықтарды орнықтыруға Православ қауымы зор үлес қосып келеді.

Қазақстанда заң үстемдігін орнықтыру, азаматтарға тең мүмкіндіктер ұсыну және олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін ауқымды өзгерістер жалғаса береді.

Біз жалпыұлттық бірлікті нығайтып, баға жетпес байлығымыз – этностар мәдениетінің және діни салт-дәстүрдің әралуандығын сақтаймыз.   

Пасха мерекесі әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш әкелсін!

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив