Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай1°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-4°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау-3°С
  • Курчатов10°С
  • Көкпекті-4°С
  • Үржар-0°С
537.77 622.95 6.65

Еңбек министрлігінде ведомство мен «МАК» ӨСК» АҚ-ның ағымдағы қызметі талқыланды

Кеше, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аппараттық кеңесте, ведомство басшысы Светлана Жақыпованың төрағалығымен, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «МАК» ӨСК» АҚ) қызметінің аралық нәтижелері мен министрліктің алға қойылған міндеттерді орындау бойынша жоспарлы жұмысы қаралды.

Алғашқы баяндаманы «МАК» ӨСК» АҚ басқарма төрағасы Қуаныш Мұқажанов жасады. Ол өмірді сақтандыру нарығындағы қазіргі жағдай, компанияның қызметі және 2025 жылдың 9 айында қол жеткізілген нәтижелер туралы баяндады.

Оның айтуынша, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру және ерікті сақтандыру түрлеріне (зейнетақы аннуитеті, жазатайым оқиғалардан өмірді сақтандыру және т.б.) қатысушылар саны 2,2 мыңнан астам шарт бойынша 133,9 мың адамды құрайды. 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша сақтандыру төлемдерінің көлемі 2 млрд теңгеден асты.

Қуаныш Мұқажанов «МАК» ӨСК» АҚ-ны одан әрі дамыту жоспарлары туралы хабарлады.

Оның айтуынша, маңызды қадамдардың бірі – қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия алу болмақ. Бұл сақтандыру тәуекелдерін неғұрлым тиімді басқаруға, сақтандыру (қайта сақтандыру) сыйлықақыларының көлемін арттыруға және ұйымның қаржылық тұрақтылығын күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сақтандыру нарығында жекелеген өнім түрлерін дамыту көзделіп отыр, оның ішінде табиғи апаттардан тұрғын үйді сақтандыру да бар.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаментінің басшысы Асылұлан Досжанов өз қызметінің негізгі бағыттары бойынша талдау ұсынды.

Заң қызметі департаментінің директоры Серік Беркамалов нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндама жасады.

Министр кеңесшісі Фарида Сағындыққызы өңірлерде Бірыңғай цифрлық платформаны енгізудің аралық қорытындылары туралы хабарлады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив