Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай1°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-4°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау-3°С
  • Курчатов10°С
  • Көкпекті-4°С
  • Үржар-0°С
537.77 622.95 6.65

«Үздіктер бәйгесі»: жастар Абай мұрасын жаңаша қырынан таныды

Бүгін, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мәдени-ағартушылық жоба жалғасын табуда. 

Қауымдастық нысанындағы «Қазақстан Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің «Тарих пен мәдениет саласында волонтерлікті дамыту» жобасы аясында, «Даналық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ұлылар мекеніне сапар» атты ірі мәдени-ағартушылық бастама жүзеге асырылды.

Бұл игі іс-шараның маңызды бөлігі ретінде «Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына» арналған «Үздіктер бәйгесі» атты жастар арасындағы интеллектуалды quiz-викторина өтті. Шараға университет студенттері, қала жастары, еріктілер мен қоғамдық ұйымдардың белсенділері кең көлемде қатысты. Ерікті жастардың белсенді араласуы жобаның басты жетістігі болды.

Интеллектуалды ойынның мақсаты – ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығын жаңа форматта насихаттау, жастардың ой-өрісін кеңейту, білім мен тапқырлықты ұштау. Қатысушылар Абайдың ғибратты сөздері, қара сөздері мен өлеңдеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, өзара тартысты дода өткізді.

Ойын барысында жас буын ақынның «Толық адам» ілімін, адамгершілік пен ізгілік қағидаттарын терең ұғынуға мүмкіндік алды. Қатысушылар Абайдың идеяларын бүгінгі күнмен сабақтастырып, «Адам бол!» қағидасының мәңгілік маңызын айқын сезінді.

Кеш соңында жеңімпаздарға ақшалай және заттай сыйлықтар, дипломдар мен алғыс хаттар табысталды. Ал қатысушылар үшін ең басты марапат – жүректерінде ұлы тұлғаға деген құрмет пен мақтаныш сезімінің оянуы болды.

«Абайды тану – өзіңді тану», – деген ұранмен өткен «Үздіктер бәйгесі» байқауы жастардың рухани серпілісіне жол ашып, елдік құндылықтарды жаңғыртуға зор үлес қосты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив