Лудомания дерті өршіп тұр: мемлекет заңсыз ойынға қарсы күресті күшейтті

Соңғы жылдары Қазақстанда заңсыз құмар ойын бизнесіне қарсы күрес күшейді. Соңғы екі жарым жыл ішінде 205 жерасты казиносы жабылып, 224 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы бай облысы бойынша экономикалық тергеп- тексеру департаментінің талдау әзірлемелер бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марат Сейілханов мәлімдеді.
Қазіргі таңда ел аумағында офлайн заңсыз ойын орындарының саны нөлге дейін қысқарғанымен, қазір негізгі қауіп шетелде тіркелген онлайн-казинолардан туындап отыр.
Мамандардың айтуынша, мұндай ойындарға тәуелділік лудомания деп аталады. Бұл – психологиялық ауру, оның зардабы ішімдік пен есірткіге тәуелділікпен бірдей. Лудоманияға шалдыққан адам уақытын да, ақшасын да құрбан етіп, тіпті отбасынан алыстайды. Белгілері: үнемі ойнау, ақша қарызға алу, өтірік айту, агрессия, қаржылық қиындықтар.
Егер сіз немесе жақыныңыз лудоманияға тап болса, көмекке жүгінудің бірнеше жолы бар:
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы психологиялық көмек орталықтары,
«111» ұлттық сенім желісі, жеке психотерапевттер мен оңалту орталықтарына жүгіну қажет.
Лудомания – уақытша қызықтың емес, өмір бойғы өкініштің бастауы болуы мүмкін.