Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
538.63 622.23 6.71

Ерлан Қарин: Парламенттік реформа – қоғам мен билік арасындағы ашық диалогтың жаңа кезеңі

Бүгін, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған Жұмыс тобының алғашқы отырысында ел азаматтарының Парламенттік реформаны талқылауға белсенді қатысуының маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Президенттің бастамасы аясында мемлекеттік e-Otinish платформасында және eGov сервисінде азаматтардың парламенттік жүйені жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын жинау ұйымдастырылады. Әрбір азамат «Парламенттік реформа» атты арнайы бөлімге өз пікірін жолдап, елдің саяси жүйесін жаңғыртуға нақты үлес қоса алады.

«Парламенттік реформаны мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалог арқылы жүзеге асыру – Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізгі қағидаттарына толық сәйкес келеді. Бұл – билік пен қоғамның өзара сенімін нығайтып, жаңа деңгейдегі саяси мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам»,- деді Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин.

Ел азаматтарының белсенді қатысуы арқылы Парламенттік реформаның мазмұны барынша ашық әрі инклюзивті түрде қалыптасады деп күтілуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив