Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

«Абай тағылымы» журналының таныстырылымы өтті

16-10-2025, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай атындағы облыстық кітапханада республикалық жаңа басылым — «Абай тағылымы» журналының ресми таныстырылымы өтті. Мәдени әрі ғылыми мазмұндағы бұл шараға өңірдің зиялы қауымы, білім беру саласының мамандары, мұғалімдер мен оқушылар қатысты.

Жиынды ашқан ардагер ұстаз Зейнолла Тоқаев Абайдың рухани мұрасын терең ұғынып, оны жас ұрпаққа жеткізудің маңызын атап өтті. Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков журналдың тарихи басылымдардың жалғасы ретінде қайта жаңғырып отырғанына тоқталып, редакция ұжымына шығармашылық табыс тіледі. Журналдың тұсауын өзі кесті.

Шара барысында Халықтық ақындар орталығының жетекшісі Дәмеш Омарбаева, Абай облыстық ата-аналар қоғамының төрағасы Аман Қапанұлы және кітапхана директоры, ақын Мерей Қарт басылым ұжымына жылы лебіздерін білдірді.

Сондай-ақ, Инновациялық әдістемелік орталықтың бас мамандары Айдар Абдихатұлы мен Ақмарал Қасымова журнал редакциясының жұмысына оң баға беріп, алдағы уақытта табыс тіледі.

Іс-шараға №8, №17 және №3 мектеп оқушылары белсене қатысып, мазмұнды бағдарламаның өтуіне өз үлестерін қосты. Сонымен бірге «Ер Төстік» балабақшасының бүлдіршіндері Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Айта кетейік, «Абай тағылымы» — Абай облыстық білім басқармасының әдістемелік және ғылыми бағыттағы арнайы журналы. Онда ұстаздардың тәжірибелері, әдістемелік кеңестер мен Абай мұрасына қатысты танымдық мақалалар жарияланады. Бас редакторы — Раушан Нұғманбекова.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив